0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
ЭКСПО-да эко киіз үй бой көтерді. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Қазақ үйдің ішінде жасанды интеллект көмегімен жасалған ерекше картиналар ілінген. Суреттерде тазалық сақталмаса, 2050 жылы Қазақстанның қандай күйде болатыны бейнеленген.
Өзгелер де дәл осы жасөспірім сияқты қоқыс тапсырып, сұрыптап, сыйлыққа ие болды. Тіпті қала экологиясын жақсарту туралы ұсыныстарды жасыл жапыраққа жазып, ағашқа іліп, экологияны жақсартуға өз үлесін қосып жатқандар жетерлік. Кейбірі арнайы қорапқа киім-кешек, заттарын тапсырып, қайырымдылыққа атсалысты. Себебі жиналған тауарлар мұқтаж жандарға таратылады. Сондай-ақ эко киіз үйдің ішінен қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтарды көруге болады. Экотренерлер келушілерге экологиялық әдеттердің маңызы мен қоқысты қайта өңдеудің қажеттілігі туралы ақпараттармен бөлісті.
Арайлым Сапарәлі, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
Бұл киіз үйдің мақсаты – қала тұрғындарына, қонақтарына қоқысты сұрыптау жолдарын үйрету. Сұрыпталған қоқыстарға екінші өмір беруге болатынын халыққа көрсеткіміз келді. Кеше және бүгінгі күні халық келіп, 5-тен жоғары қоқыс өткізу және сұрыптау арқылы өздері естелікке сыйлықтар алуда. Бұл сыйлықтардың өзі ерекше. Екінші рет өңделген заттардан жасалған ыдыс-аяқтар.
Ақниет Балтанова