Көлікпен қағып, пышақтаған: Ақтөбеде жасөспірімнің өлімі бойынша 10 адам ұсталды

Қосшы

Ақтөбедегі жасөспірімдер арасындағы қанды қылмыс бойынша тергеу басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Былтыр мамырдың аяғында Ақтөбе қаласының шетінде (мал базары ауданында) жасөспірімдер арасында төбелес шыққан, олар суық және атыс қаруын қолданған.

Оқиға салдарынан 8 жасөспірім оқ және пышақ жарақатын алып, Ақтөбе қаласының кәмелетке толмаған бір тұрғыны қаза тапқан.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес марқұмды көлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақатын салған.

Облыстық Полиция департаменті ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Облыс прокуратурасы қылмыстық істі бақылауға алып, процестік прокурорлар тобы тағайындалғаг.

Күдіктілер туралы

Полиция қызметкерлері жедел түрде қылмысқа қатысы бар 10 адамды ұстаған, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс тергеушінің соталды тергеп-тексеру аяқталғаны туралы баяндамасымен прокуратураға түсті.

Облыс прокуратурасымен айыптау актісін жасақтап, іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!