24-25 наурыз аралығында Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, сондай-ақ Алматы қаласына іргелес аумақтарда нөсер жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" мәліметінше, қатты жауын-шашын әсерінен көлбеу ағын пайда болуы мүмкін және өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Бұл судың арналардан шығу және су басу қаупін туғызады.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райы болжамын мұқият қадағалауға, сақтық шараларын есте ұстауға және қажетті қауіпсіздік шараларын уақытылы қабылдауға шақырады.