Алматы облысында қар көшкіні жүрді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
23 наурызда сағат 08:28-де Еңбекшіқазақ ауданындағы облыстық маңызы бар Түрген ауылы – Батан шатқалы тасжолының 23,5 және 18-шақырымдарында қар көшкіні жүрді.
"Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Қар көшкіні Түрген ауылы – Батан шатқалы бағытындағы тасжолдың бір бөлігін жапқанымен, көлік қозғалысы үшін жол ашық. Бұл жол облыстық маңызға ие болғандықтан, жолды қардан тазарту жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жүргізеді", — деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, "Қазселқорғау" қызметкерлері жұмылдырылды.
"2024 жылғы 15 қарашадан 2025 жылғы 31 наурызға дейін Түрген – Батан – Асы обсерваториясы облыстық маңыздағы тасжолының 15-41-шақырым аралығы көлік қозғалысы үшін жабық. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және бұл ақпаратты жол жүруді жоспарлау кезінде ескеруге шақырамыз", — деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!