Орталық пен батысты жалғайтын көлік жолын салу туралы Президент тапсырмасын, әсіресе, Торғай өңірінің жұртшылығы қуана қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Олардың айтуынша Астанадан Арқалық, Амангелді, Жангелдин аудандары арқылы Ырғызға өтетін жол осы аймақтың дамуына тың серпін береді.
Блиц 1:
- Бұл енді біздің көптен күткен жолымыз. Өйткені Арқалық бұдан былай транзиттік қала болады. Біз арқылы оңтүстіктен батысқа қарай, орталыққа, мысалға бизнесмендер болсын, мемлекеттік қызметкерлер болсын, студенттер болсын, қарапайым тұрғындар қай жағынан алсақ та, бұл өте тиімді біз үшін.
Блиц 2:
- Ол жақтан қаншама тауарлар кетеді. Оның бәрі біз арқылы өтеді. Астанадан кейін қарай қаншама тауарлар жүреді. Бұл енді күретамыр, көптен күткен жолымыз. Кеше айтылғаннан бері бүкіл осы Торғай өңірі адамдарынң бәрі қуанып жатырмыз.
Блиц 3:
- Қаншама жұмыс орындары ашылады. Қызмет көрсету орталықтары қатынас. Және айтсақ, Торғай өңіріне туристер тартуға, біраз жағдай жақсарады халықтың тұрмысы деген үміттеміз.