Шымкент қаласына мегаполис мәртебесі берілгеннен кейін әкімшілік басқару жүйесі жетілдіріліп, жаңадан Тұран ауданы құрылды. Сонымен қатар бірнеше шағынаудан пайда болып, қала аумағына 40-қа жуық елді мекен қосылды. Осы өзгерістерге байланысты қайталанатын көше атауларын өзгерту ісі қолға алынды.
Қала тұрғындары Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының «ономастиканы орталықтандырып, жекеменшік нысандарға атау бергенде де жауапкершілікпен қарау қажет» деген пікірін қолдайды. Көпшілік көше атауларын жүйелеу барысында ұлттық құндылықтар мен идеологиялық маңызы жоғары атауларға басымдық берілуге тиіс деп санайды.
Сауалнама:
- Халықтың қалаға урбандалуына байланысты Шымкент қаламыз үлкен өсу үстінде. Жаңа мөлтек аудандар, шағынаудандар пайда болды. Мынандай сөз шыққан еді. «Атамның аты – ауылға, көкемнің аты – көшеге» деген. Ондай мәселелерге жол бермеуіміз керек. Президентіміз бұл мәселеге өте жақсы тоқталды. Енді бұл мәселенің бәрі жөнге келеді деп ойлаймыз.
- Қайталанған көше атаулары бар. Керек десеңіз, кісі есімдері, үлкен тұлғалардың есімін де тұйықталған көшелерге беріп жатқан жағдайлар бар. Әлі де болса біз келеңсіз қойылып кеткен есімдерді өзгертуге атсалысуымыз керек.
- Президентіміздің қазіргі айтып жатқаны қаланың ауқымы кеңейіп жатыр. Ауылдар кеңейіп жатыр. Түрлі көшелер түсіп жатыр. Міне, сол ономостикалық комиссияның кеңесінде егжей-тегжейлі қаралып өтіп, беру керектігін айтып отыр.