0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ал Шымкент қаласында Наурызнама мерекесі аясында бүгін ұлттық ат спорты ойындары ұйымдастырылды.
Орталық атшабарда теңге ілу, аударыспақ пен командалық көкпардан өткен сайыста білекті жігіттер арғымақ үстіндегі ептіліктерін танытты. Мұнан бөлек ат үстінде түрлі кедергілер өту жарысын да көпшілік қызыға тамашалады. Бірнеше өңірден жиналған спортшылар сайысқа өте жақсы дайындалып келгендерін көрсетіп, ұлттық ойындардың көрігін қыздырды. Ал түс қайта бәйгеден Қазақстан чемпионаты басталды. Оған 50 арғымақ қатысқан бәйге жарысы төрт түрге бөлінді. Оның алғашқы екеуінде 2 жасқа толған құнандар 7 шақырымға, ұшқыр аттар 5 шақырымға тізгін жіберіп, жүйрікті анықтады. Ал одан кейін тұлпарлар 12-18 шақырымға шапты. Құнан бәйгеде бас жүлде Жамбыл облысынан шыққан Айхай атты арғымаққа бұйырды.
Жолаушы назар құнан бәйгенің бас жүлде иегері:
Атым өзі сүйреп бастады. Әкем мен ағам айтқан топта отырып ал 2 круг. Отырасың-отырасың деген. Содан кейін соңғыға жеткенде бірінші, екінші атты жібермейсің деген. Фиништен өткен соң өзім атты сүйрей бастадым. Атыма сенгем.
Ғани Қалмаханов