0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Атырауда 900 орындық жаңа мектеп ашылды. Каспий құбыр консорциумының демеушілігімен құрлыыс 2022 жылы басталып, бүгін наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді.
2011 жылдан бастап «Каспий құбыр консорциумы» бүгінге дейін қайырымдылық жобаларына 3 млн доллар қаражат бөлген. Соның арқасында қала және аудандарда халық игілігіне мектеп, балабақша мен медициналық мекемелер салынды. Бүгін де игі дәстүрдің ізін жалғап, қала іргесіндегі Талғайраң елді-мекенінде жаңа білім ордасы ашылды. Салтанатты шарада консорциум басшысы Николай Горбань мектептің символикалық кілтін оқу орнының басшысына табыс етті.
Серік Шәпкенов, облыс әкімі:
Біз ең басты президентіміздің тапсырмасы әрқашанда айтып жүрген біз дамыған ел боламыз десек, ұрпағымызға сапалы білім беруіміз керек. Міне, Каспий Құбыр консорциумының әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорын екенін көрсетіп отыр.
Жаңа мектепте білім аламын деген оқушылар үшін барлығы бар. Заманауи құралдармен жабдықталған 36 кабинет. Оқу сыныптарынан бөлек екі кітапхана, медициналық пункт, екі спорт зал, 210 адамға арналған акт залы және 312 орындық асхана жұмыс істейді.
Николай Горбань, «Каспий құбыр консорциумы» АҚ бас директоры:
Бұл мектептің жобасы басқалардан ерекше. Түгелдей соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықтадық. Аумағы да үлкен. Аулада футбол алаңы, жүгіру жолы, спорттық тренажерлар аймағы, теннис корты мен волейбол алаңы бар стадион да салынған. Балалар үшін барлығын жасадық.
Шара соңында облыс әкімі мен консорциум басшысы «Жастар үйін» салу туралы екі жақты келісімге қол қойды. Құрылыс 3 жылға созылады. Жуырда іргетасын құяды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт