Ұлттық құрылтай: Балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелейтін жоба керек

Қосшы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында көтерілген мәселелерге қатысты тұрғындар пікір білдірді. Жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу, балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелейтін жоба қажеттілдігі айтылды. Кинодағы кемшіліктерге Мемлекет басшысының көңіл аударғанына тұрғындар қолдау білдірді.

Ақтау қаласының тұрғыны:

Баланы туғаннан бастап әртүрлі ұйым білім және тәрбие береді. Алайда бұл шашыраңқы. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу үшін, рухани патриотизмді ояту үшін қазіргі жастардың бойында бірізділік, бірізді жүйе керек. Яғни «Қазақстан балалары» сияқты бір жоба керек.

Шымкент қаласының тұрғыны:

Біз дамушы мемлекет ретінде жасанды интелектіні барлық салаға ендіру арқылы және цифрландыру үдерісін қарқынды жүргізу арқылы әлемдік мемлекеттеремен бәсекелестік жасай алатынымызды айту маңызды.

Алматы қаласының тұрғыны:

Көрермен ретінде мен қазіргі отандық киноларға көңілім тола бермейді. Кинотеатрға барсаң отбасыңмен бірге көретін кино жоқ. Ішінде зорлық-зомбылық көп, арзан күлкі, сапасы төмен, ақша табу үшін шығарған сияқты. Президенттің айтқан сөздері де, сыны да өнердегі адамдарға сәл серпіліс беріп, киноның сапасы көтерілсе, жақсы болар еді.

Темірлан Нұрсолтан