Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Қосшы

Бұл туралы Ақ үй аппараты басшысының орынбасары Дэн Скавино мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы тілдесті.

"Дәл қазір Трамп Сопақ кабинетте Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп жатыр", — деп жазды Скавино X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған еді. Олардың әңгімесінде Украинадағы жағдай талқыланып, энергетикалық және инфрақұрылымдық нысандарға шабуылдарды тоқтату мәселесі көтерілген болатын.