0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін теміржол билеттері 50% жеңілдікпен сатылады. Көлік министрлігінің ақпарынша, жолаушыларды тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілмек. Жеңілдік — I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандарға арналған. Осы мақсатта, отандық зауытпен 157 жаңа жолаушылар вагонын жеткізу туралы келісім жасалды. Оның 14 вагоны мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген. Сондай-ақ, тағы бір жаңартылған нормаға сәйкес, бұдан былай ерекше қажеттілігі бар тұлғалардан пойызға міну кезінде медициналық анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді.
Елдос Нестай, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы:
Екінші мәселе жолаушылар пойыздарына отырғызу кезінде ерекше жандардан растайтын құжаттарды талап етуді алып тастау. Ол сұрақ бойынша қазіргі таңда жұмыс тобы шеңберінде бірнеше кеңестер өткізілді. Жеке ұйымдардан, жолаушылардан пікір талас болып жатыр.
Динара Жарқынбек