0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Еліміздің барлық қоғамдық-саяси күштері Мемлекет басшысының төңірегінде топтасады. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылданды. Бұған дейін мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қабылдағаны белгілі. Яғни мемлекеттік органдар азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуі тиіс. Оны жүзеге асыру үшін «Күшті Президент, ықпалды парламент және есеп беретін үкімет» формуласы енгізілді. Мәжіліс депутаттары бір мандатты тәсілмен сайлана бастады. Ауыл, аудан әкімдерін тағайындау тоқтатылып, сайлай бастадық. Маңызды шешімдер референдум арқылы қабылданып жатыр. Яғни халық елдің саяси өміріне белсене араласа бастады. Бүгінгі жиында реформалар тұрғысында алда атқарылуы тиіс жұмыстарға да назар аударылды.
Оңғар Алпысбай