Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы омбудсманына қалай жүгінуге болатынын түсіндірді .
Егер сізде микроқаржы ұйымымен (МҚҰ) микрокредит бойынша дау туындаса, сіз микроқаржы омбудсманына жүгіне аласыз.
Микроқаржы омбудсманы – бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға өзара тиімді шешім табуға көмектесетін, дауларды ақысыз қарайтын тәуелсіз тұлға. Ол тараптардың құқықтарын қорғайды, дауларды шешуге жәрдемдеседі және микроқаржы нарығындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Оған қалай жүгінуге болады?
- Ресми сайт арқылы: mfombudsman.kz
- Электрондық пошта арқылы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Кеңсеге келіп: Алматы қ., Мынбаева көшесі, 53-ғимарат, 3-қабат, 321-кеңсе
Өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?
- омбудсманға жазылған өтініш;
- арыз алушы толтырған сауалнама (сайтта бар);
- жеке басын куәландыратын құжат;
- микрокредит шарты, өтеу кестесі, қосымша келісімдер (бар болса);
- микроқаржы ұйымына немесе талап қою құқығы берілген тұлғаға жазылған өтініштер және олардың жауаптары (бар болса);
- жеке деректерді өңдеуге және несие есебін алуға келісім