Әлихан Бөкейхан еккен тал 120 жыл бойы көктеп тұр

Қосшы

Тал демекші қазақ жеріне тропикалық жемістерді де жерсіндіріп жатқандар бар.

Оңтүстік аймақтар орап, қымтап, күтімін келістіреді әрине. Дегенмен, 6 ай қыс Арқа өңірінде де мәуелеп өскен ағаштар баршылық.

Бір ғана мысал 1905 жылы Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бразилиялық сәмбі ағашының тұқымын әкеліп, Талдыбейіттегі әкесінің басына егеді. Қорымның Талдыбейіт аталуы да содан дейді. Басында үш тұқым әкелген деген сөз бар. Дегенмен бЕртінге дейін оның екеуі бүр жарып, өсіп тұрған. Тек біреуін қиын-қыстауда әлдекімдер кесіп әкеткенге ұқсайды. Ал Талды-бейіттегі жалғыз түп сәмбі тал қазір де жайқалып тұр. Алып ағаштың егілгеніне биыл — 120 жыл. Әлихантанушы Тұңғышбай Мұқан,. Әлекең әкелген үшінші тұқымнан өнген ағаш. Тоқырауын өзенінің бойында әлі күнге тұруы мүмкін дейді.

Тұңғышбай Мұқан, әлихантанушы:

- 1961 жылы Әлімхан Әбеуұлы Ақтоғайға келіпті. Сонда Қалкен Мәкенбаев ақсақалға ауызба ауыз айтып кеткен екен. Қалекеңнің өзінің жазбасында. 1919 жылы Ақтоғайдың басында, Тоқырауынның бойында Дайыр төренің үйінде Әлекең, Жақып, Әлімхан үшеуі кездесіпті. Сонда бізді Әлекең Тоқырауынның бойындағы ақтөбенің түбіне ертіп барып, ақтөбенің, өзеннің ар қабағына өтіп, қалың талдың ішіндегі сұңғыла өсіп тұрған ағашты көрсетті дейді. Мынау ағашты мен сонда үшінші дәнін осы жерге отырғызып едім деп айтты дейді. Сол ағашты 1961 жылы маған көрсетті дейді Қалекең айтады.