Трамп пен Путиннің келіссөзі аяқталды

Қосшы

Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды 24kz.

Келіссөздер шамамен 2 сағатқа жалғасқан. Кремль сайтында хабарланғандай, Трамп Ресей мен Украина тараптарына энергетикалық нысандарды атқылауды 30 күнге тоқтату туралы ұсыныс жасаған. Владимир Путин бұл ұсынысқа келісіп, әскерилерге тиісті бұйрық берген. Енді алдағы уақытта Дональд Трамп келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдеме жасайды деп күтіледі.