Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры қойылым ұсынды

Қосшы

Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры «Екі тағдыр – бір өмір» атты драманы қалың көрерменге ұсынды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл – өнерпаздардың биыл жеке шығармашылық ұйым болып құрылғанынан бергі алғашқы қойылымы. Режиссёр Сүндет Сәрсен мен Автор Ақбота Ермаханова үміт пен күреске толы тағдыр жолын, жігер мен сенімнің жеңісі туралы хикаяны сахналап көрсетті. Спектакльдің ерекшелігі инклюзивті актёрлердің қатысуында. Театр мүгедектігі бар дарынды жандарды дамыту мен қоғамға әлеуметтендіру мақсатында құрылған. Құрамында 40-қа жуық актёрі бар.

Сүндет Сәрсен, режиссёр:

- Жеке театр болғалы алғашқы спектакль. Бұл театрдың қалаушысығ директоры соның өмірбаяны жайлы. Жанры автобиографиялық драма. Адам өмірді өзі қалайды, қалай өмірін сүргісі келсе де өз қолында. ол мүмкіндігі шектеулі болсын, болмасын. Спектакльдің айтары осы және махаббат барлық нәрсені махаббат жеңіп шығады.