Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қыздарына азғындық әрекеттерді жасауға рұқсат берген аналары қамауға алынды

Қосшы

ІІМ кезекті кең ауқымды "STOP-трафик" операциясын жүргізді. Үш күнге жалғасқан операция нәтижесінде полицейлер адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар ұстау және жеңгетайлық жасауға байланысты 40 қылмысты анықтаған, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақпараттық медиа-порталдың хабарлауынша, жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жайлар ұсыну бойынша 156 және қоғамдық орындарда адамдарды мазалау бойынша 640 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

"Шымкент қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері төрт адамнан тұратын топты ұстады. Олар ұзақ уақыт бойы 18 бен 23 жас аралығындағы қала тұрғындарын жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер жәбірленушілерді интимдік фотосуреттермен бопсалап отырған. Көрсетілген фактілер бойынша ҚК-нің 308-бабы 2-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға тарту) және ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігіне (жеңгетайлық) сәйкес екі қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген хабарламада.

Одан бөлек Алматы қаласында полиция қызметкерлері "боди-массаж" салондарын ұйымдастырған жеті азаматшаны ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жеңгетайлық фактілері бойынша жүргізіп жатыр.

Түркістан облысында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының 2007 ж.т. және 2006 ж.т. екі тұрғыны ұсталды. Олар Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатумен айналысқан. Бұл факт ҚК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркелген (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдардың немесе заттарды дайындау және айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту) тіркелген. Ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Одан бөлек, Абай облысында Аягөз ауданының тұрғыны облыстың екі тұрғының шаруа қожалықтарына сату дерегі анықталған.

"Осы факт бойынша ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігімен (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық істер қозғалды", — делінген хабарламада.

Қарағанды облысында да сұмдық жайттың беті ашылды. ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 60 жастағы ер адам ұсталды. Ол ақшалай сыйақы үшін жас қыздардың аналарымен оларға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерді одан әрі жасау және балалар порнографиясын жазу мақсатында келісімдер жасаған. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және ҚК-нің 135-бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", — деп жазады басылым.