Астанада жігіттердің сұлтаны таңдалды (фото)

Қосшы

Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған "Жігіт сұлтаны-2025" қалалық байқауы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтына сілеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің "Сервис және туризм колледжі" ұйымдастырған байқаудың ең басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттау, салт-дәстүрін дәріптеу.

"Жігіт сұлтаны" байқауы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Сайысқа Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 8 студент қатысты.

"Жігіт сұлтаны" байқауы колледжіміздің бастамасымен 2020 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі байқауда қалалық колледждерден 8 студент бақ сынаса, олардың өнерін 250-дей көрермен тамашалады.

"Жігіт сұлтаны" байқауы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Олардың қатарында колледжіміздегі "Әжелер клубы", басқа оқу орындарынан келген жанкүйерлер және қазылар мүшелері бар. Жарысқа қазылық етуге қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан және Азия чемпионы, күш экстримі бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі Тимур Спатаев сияқты танымал спортшы және басқа да актёр, журналистер атсалысты", — деді Астана қаласы әкімдігінің Сервис және туризм колледжі директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Динара Әбелдинова.

"Жігіт сұлтаны" байқауы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау екі күнге жоспарланды. Алғашқы күнінде қатысушылар кір тасын көтеру, жүзу, садақ ату және асық ату сияқты спорттық сайыстардан күш сынасты.

"Жігіт сұлтаны" байқауы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ал сайыстың екінші күні қатысушылар бір-бірімен өнер таластырды. Яғни өз ата тегі мен туған жерін таныстырды, сұрақ-жауаптарға жауап берді және өздері жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, ән айту, поэзия оқу, музыкалық аспаптарда ойнау тәрізді бойларындағы басқа да таланттарын көрсетті.