Бұдан былай Судья тарапынан болған өрескел заң бұзушылыққа қатысты барлық іс тікелей — Сот жюриінің қарауына жіберіледі. Яғни төрелігін айтатын әділдік иелерінің тәртіптік ісін қарайтын уәкілетті орган осы — Сот жюри. Бүгінде аталған институт сот төрелігін іске асырудың жаңа тетіктерін енгізді. Бұдан былай сот жюриінің құрамы 9 — дан 15 адамға кеңейтілді. Ал бұған дейін заңды белден басқан судьяларға қатысты материалдар Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және облыстық соттардың шешімдерімен қазылар алқасына жіберілетін. Бұл әдіс бұған дейін еш нәтиже бермеді. Олардың басым бөлігі тиісті жауапсыз қалды. Ал сот төрелігіндегі бұл өзгеріс судьялардың жұмысына деген сеніміді арттыра түседі дейді сала мамандары. Жалпы сот жүйесін жаңғыртуда былтыр судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейту үшін заңнамалық түзетулер қабылданғаны белгілі.