АҚШ-тың оңтүстігі мен батыс аймағында алапат құйыннан опат болғандар саны 42-ге жетті. NBC News агенттігі осылай деп хабарлайды.
Олардың айтуынша, құрбандар саны әсіресе Миссури штатында көп. Алабама, Арканзас, Оклахома, Миссисипи және Техаста да ахуал қиын. Мұнда торнадо ағаштарды түп тамырымен жұлып, ғимараттарға зақым келтірген. Үйлердің шатырын ұшырып, электр желісін бұзған. Қазір 300 мыңнан астам үй жарықсыз отыр. Метеорологтардың айтуынша, тұрғындарға алдын ала 1500 рет құйын соғатыны туралы хабарлама жіберілген. Мұнан соң шаңды дауыл тұрып, жаңбыр жауып, артынша құйын соғып, бәрін ұшырып әкеткен.