Қытайлар 6G интернет желісін әзірлеуге кірісті.
Сымсыз технологияның жаңа буыны қазіргіден әлдейқайда жылдам. Мобильді байланыс жүйесі жоғары, орта және төменгі орбита спутниктерімен біріктіріледі. Осының арқасында адамдар кез келген жерде және қалаған уақытында телекоммуникациялық қызметке қол жеткізе алады. Тіпті шөл, дала, орман, мұхиттың кез келген нүктесінен байланысқа шығуға мүмкіндік береді. Қазір стандарттау бағытындағы жұмыстар басталды. Ел билігі тың технологияны толығымен 2030 жылы енгізуді жоспарлап отыр.
Ху Сяопэн, CCID Consulting байланыс саласын зерттеу орталығының жетекшісі:
- Ақпарат алмасу қабілетін арттыруға жоғары спектрлік диапазондар терагерц толқындары қолданылады. 6G интернеттің кідіру көрсеткіші микросекунд тіпті одан да төмен болады. Толық іске қосылғанда байланыс сапасы мен қолданыс аясы арта түседі. Биылдан бастап Даму және реформалау жөніндегі ұлттық комиссия 6G желілік технологиялары саласындағы зерттеулерді күшейту туралы шешім қабылдады. Енді бұл бағытта бірнеше орган бірлесіп жұмыс істейді.