Қазақстанда IT-қызметтер экспорты бойынша Орталық Азияда көш бастады

Қосшы

Қазақстан IT-қызметтер экспортын ұлғайтып, Орталық Азия елдері арасында көш бастады, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысы жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу міндетіне басымдық беріп отыр. Қазірдің өзінде цифрлық шешімдер түрлі салаларға дендеп еніп, олардың тиімділігі мен жедел дамуын қамтамасыз етті. Мысалы, балабақшаларда «Отбасының цифрлық картасы», «Әлеуметтік әмиян» және цифрлық ваучерлер белсенді қолданылады. Кейінгі жылдары инновациялық өнім көлемі де екі есе, яғни 1,1 триллион теңгеден 2,4 триллион теңгеге дейін өсті. Ал жасанды инттеллектінің дамуына жәрдемдесу үшін Президент тапсырмасы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында қаржыландырудың мақсатты көлемі 1 миллиард долларды құрайтын Qazaqstan Venture Group қорларының венчурлық қоры құрылды.